- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия отырысында жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу мәселелері талқыланды
2025 жылғы 20 маусымда «Қазмедиа орталығы» телерадио кешенінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың ашылуында Ұлттық комиссия төрағасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі.
Іс-шараға Ұлттық комиссия мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық сектор және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс Ұлттық комиссияның жаңартылған құрамымен өтті. Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген ротация аясында комиссия құрамына қоғам қайраткерлері, сарапшылық және ғылыми қауымдастық өкілдері секілді 8 жаңа мүше енді. Сонымен қатар, Ұлттық комиссия төрағасының жаңа орынбасары болып Айман Омарова тағайындалды.
- 23.06.2025
- 56