- Блогтар
- А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
«KOREM» АҚ алаңында 200 МВт көлемінде қуат бойынша аукциондар өткізілді
2025 жылғы 24 маусымда ЕЭС РК-ның барлық аймақтары бойынша жиынтық қуаты 200 МВт болатын ірі гидроэлектростанция құрылыс жобаларын іріктеу мақсатында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтар өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 2 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 3 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылар ұсынған жиынтық қуат көлемі 67,7 МВт-ты құрады.
2025 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша өткізілген аукциондық сауда-саттықтарда бастапқы аукциондық баға 41,23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) деңгейінде белгіленді.
Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 41,23 теңге/кВтсағаттан 41,21 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.
Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компаниялар анықталды:
· «KGE Hydro» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 27,4 МВт, аукциондық баға – 41,23 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
· «КазГидроЭнерго» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 12,9 МВт, аукциондық баға – 41,22 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
· «KGE Hydro» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 27,4 МВт, аукциондық баға – 41,21 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «ECOJER» Қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы, Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігі өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.
Келесі аукциондық сауда-саттықтарды 2025 жылғы қараша айында ГЭС және БиоЭС түрлері бойынша өткізу жоспарлануда. Осыған байланысты аукциондық сауда-саттықтардың ұйымдастырушысы – «KOREM» АҚ Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды ЖЭК бойынша аукциондарға қатысуға шақырады.
- 24.06.2025
- 8