• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

Жамбыл облысында биыл жол саласында 181 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 81 жоба бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңесте айтылды.

Жиында жергілікті автомобиль жолдарының жай-күйі және қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселесі, сондай облыс әкімінің Жуалы ауданы халқымен кездесуде берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың баяндамасы тыңдалды. 

Облыстағы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге биыл 28 млрд теңге қарастырылған. 

Бөлінген қаржыға барлығы 181 жоба іске асырылып, 470,3 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, орта жөндеумен қамтылады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Тараз қаласы «Барысхан», «Бұрыл А, Б, В» алқаптарына 17,7 шақырым жол салынады. 

8 шақырым жол қайта жаңғыртылады.

444,6 шақырым жол (62,1 шқ – облыстық маңызы бар, 50 шқ – аудандық маңызы бар автожол, 332,5 шқ – елді мекен көшелері) орта жөндеуден өтеді. 

Бұдан бөлек, 8 көпір мен 2 жол өткелін салу көзделген.

Жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржының 4 млрд теңгесі жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталады. 

Бүгінде 81 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 24 нысан бойынша 42 инспекциялық тексеру жүргізіп, 149 сынама іріктеді. Оның ішінде 31 сынама талаптарға сай деп танылды, 52 сынама бойынша сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал 66 сынамада сәйкессіздіктер анықталды.

Өңірде битум тапшылығы жоқ. 2025 жылы жүзеге асырылатын жол жөндеу жобаларына 30 мың тонна битум қажет. Қазіргі таңда сыйымдылығы 34,1 мың тоннаны құрайтын жеті битум сақтау қоймасында 7,4 мың тонна қор жинақталған.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99,5 пайызға (2024 ж. - 99%), елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 89 пайызға (2024 ж. - 87%) жеткізу межеленіп отыр.

Басқарма басшысы өз баяндамасында қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселесіне де тоқталды.

Басқосуда жергілікті автомобиль жолдарының жай-күйіне жүргізілген зерделеу қортындылары шығарылды. 

Ербол Қарашөкеев жол сапасына қатысты кемшіліктер жоқ емес екенін алға тартып, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінен есеп алды. 

Сонымен бірге республикалық маңызы бар «Шу-Қайнар» және «Ескі Күйік асуы» автожолдарын күрделі жөндеу өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтіп, жұмыс қарқынын үдетуді тапсырды.

– Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары, сондай-ақ қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау мәселелері үнемі бақылауда болуы тиіс. Жол құрылысы сапасына ерекше назар аудару қажет, себебі бұл – жол қозғалысы қауіпсіздігінің басты кепілі. 

Қоғам тарапынан жолдардың жағдайы мен қоғамдық көлік қызметіне қатысты сын-ескертпелер жиі айтылуда. Осыған байланысты әрбір жағдай бойынша нақты кері байланыс орнатылып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылдануы қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға ауа райының қолайлы болуына байланысты жол жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде толық аяқтау, жолдарды күтіп-ұстауға қатысты қажетті шараларды қабылдау, елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту деңгейін арттыру және  автобус парктерін дамыту бойынша жүйелі жұмыстарды іске асыру міндеті жүктелді.

  • 26.06.2025
  • 10
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика