• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Туризм және спорт министрлігі спортты дамытуда жаңа ғылыми тәсілдерді енгізіп жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ғылыми сүйемелдеуге ерекше назар аудара отырып, жоғары жетістіктер спортын дамытудың жүйелі тәсілін іске асырып келеді.

Министрлік бастамасымен Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығымен бірлесіп, елімізде алғаш рет «спорттық медицина» және «нутрициология» мамандықтарына арналған кәсіби стандарттар әзірленіп, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бекітілді.

Басқару жүйесін реформалау аясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді. Енді үміткерлерді бекіту министрлік жанынына арнайы құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асады. Кандидаттардың стратегиялық ойлау қабілеті, кәсіби тәжірибесі, басқарушылық әлеуеті және өңірлік спортты дамытуға қатысты көзқарасы жан-жақты сараланып, шешім қабылданады. Қазіргі таңда 12 өңірде басқарма басшылары тағайындалды.

Министрлік заманауи білім мен технологияларды спорт саласына енгізуге де басымдық беруде. Мәселен, Performance Hub ғылыми-зерттеу тобының базасында бокс, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, биатлон, семсерлесу, еркін күрес, таэквондо және басқа да спорт түрлері бойынша кешенді ғылыми тестілеу жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 16 спорт түрінен (оның ішінде 10 жазғы және 6 қысқы) 150-ден астам спортшы сынақтан өтті. Сонымен қатар ұлттық құрамалар мен бапкерлерге арналған арнайы семинарлар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, велоспорт бапкерлеріне арналған семинар, биатлоннан ұлттық және жастар құрамаларына арналған дәрістер өткізілді. Бұл іс-шараларға спорттық медицина мамандары мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ғалымдары да тартылды.

Астанадағы Ұлттық спорт университеті болашақта спорт ғылымының ірі орталығына айналмақ. Университет инфрақұрылымы мамандар даярлау және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін бейімделген. Жоба аясында ұлттық құрамаларға арналған жоғары білікті бапкерлер, спорт менеджерлері, психологтар және спорт ғылымының өзге де мамандары даярланады. Университет базасында көркем гимнастика, бокс, таэквондо, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, академиялық есу, баскетбол, волейбол, шағын футбол, жеңіл атлетика және жүзу секілді спорт түрлерінен ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстарға дайындығын қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған.

Сонымен қатар министрлік отандық спортқа шетелдік тәжірибені де енгізіп жатыр. Мәселен, дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасына Олимпиада чемпионы, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері Эцио Гамба жетекшілік ететін командада халықаралық аренада тиімділігін дәлелдеген заманауи дайындық әдістері енгізіле бастады. Бұдан бөлек, Лос-Анджелестегі Олимпиадаға дайындық аясында 2024 жылдың қазан айынан бастап семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасында шетелдік маман Александр Горбачук жаттықтырушы-кеңесші ретінде жұмыс істеп келеді. Оның шәкірттері Ванкуверде (Канада) өткен Әлем кубогінде командалық есепте – қола, Боготадағы (Колумбия) жекелей сында Руслан Құрбанов күміс медаль жеңіп алғанын атап өткен жөн.

  • 01.07.2025
  • 7
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика