• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әрбір үшінші спорт түрі басым бағытқа ие: Министрлік жоғары жетістіктер спортына жаңа критерийлер енгізді

2025 жылғы 16 маусымда «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңартылған заң жобасы күшіне енді. Құжаттағы басты жаңалықтардың бірі – жоғары жетістіктер спортын іріктеудің жаңа өлшемшарттарын енгізу және «басым спорт түрлері» ұғымын заңмен бекіту.

Заң талаптарына сәйкес, елімізде тіркелген 180 спорт түрінің тек 60-тан астамы ғана басым бағыт ретінде айқындалды. Бұл тізім ұлттық құрама командаларының Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия Пара ойындарындағы нәтижелері негізінде жасалады.

Жаңа ереженің мақсаты – ел спортшыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және ұлттық құрамалардың дайындығында нақты басымдықтарды анықтау.

Бұған дейін барлық спорт түрі үш топқа бөлініп, екі жылда бір рет рейтинг нәтижелері бойынша сараланатын. Қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылып келді:

«А» тобы – рейтингте жоғары ұпай жинаған, белсенді дамып жатқан спорт түрлері;

«В» тобы – орташа ұпайға ие, даму әлеуеті бар спорт түрлері;

«С» тобы – ұпайы төмен, даму мүмкіндігі шектеулі спорт түрлері.

Сондай-ақ бұған дейін әр өңір өз мүмкіндігіне қарай басым спорт түрлерін дербес анықтап, даму тетіктерін өздері әзірлейтін. Ал жаңа заңнамаға сәйкес, басым спорт түрлерінің тізімін бекіту құзыреті Туризм және спорт министрлігіне берілді. Бұл – елімізде жоғары жетістіктер спортын дамытудың кешенді және бірізді жүйесін қалыптастыруға жол ашады.

  • 01.07.2025
  • 5
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика