• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан әскерінің сержанттар корпусының құрылғанына – 29 жыл

1 шілдеде Қазақстан Қарулы күштерінде сержант күні атап өтіледі. Осыдан тура 29 жыл бұрын елімізде сержанттар даярлайтын алғашқы оқу орны – Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы құрылған болатын. Бүгінде бұл оқу орны кіші буын командирлер білім алатын әскери колледжге айналған.

Сержанттар корпусы Қазақстан әскерінде шешуші рөл атқарады. Сарбаздардың жауынгерлік дағдылары, олардың моральдық жағдайы және іс-әрекеттегі үйлесімділігі кіші командирлерге байланысты. Олар әрқашан сарбаздардың жанында болып, офицерлерге бөлімшелерді басқаруға көмектеседі.

Қазақстанда сержанттарды даярлау жүйесін қалыптастыру бірнеше кезеңнен өтті.

1996-2001 жылдары халықаралық тәжірибеге бағдарланған Кадет корпусы құрылды.

2001-2008 жылдары  3-ші, 2-ші, 1-ші сыныпты сержант, "штаб-сержант", "шебер-сержант"  лауазымдары мен атақтары енгізілді.

2008 жылдан бастап дайындық жүйесі көп деңгейлі болды. Кәсіби тұрғыда өсу үшін сержанттар үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

2012-2016 жылдары сержанттың әскери қызметші ретіндегі мәртебесі заңнамалық түрде бекітілді. Осыған сәйкес,  олар тек бағыныстыларды басқарып қана қоймай, оқытып, тәрбиелейді.

Бүгінде сержанттарды  Астанадағы (Сағадат Нұрмағамбетов атындағы) және Щучинск қаласындағы (Шоқан Уәлиханов атындағы) Қорғаныс министрлігінің әскери колледждерінде  даярлайды. Биыл Алматыда Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі ашылды. Онда дене шынықтыру нұсқаушылары дайындалады.

Қазақстан сержанттары халықаралық жарыстарда өздерінің кәсібилігін үнемі дәлелдеп отырады. Мысалы, сержант Аслан Дархан мен гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков Аризона штаты Ұлттық гвардиясының жарыстарында жақсы нәтиже көрсетті. Аслан Дархан 800 метрге жүгіруде рекорд орнатты, ал Рауан Тоқтарбеков үздік атқыш атанды.

Бүгінгі таңда сержанттар әскери тәртіптің негізі болып табылады.

  • 01.07.2025
  • 10
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика