• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2 шілде – Қазақстан Әскери-әуе күштері күні

Бұл күні елімізде Әскери-әуе күштері кәсіби мерекесін атап өтеді. 1998 жылы 2 шілдеде Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштерін құру туралы директива шықты. Осы уақыт ішінде әскери авиация кең ауқымды тапсырмаларды шешуге қабілетті заманауи қуатты құрылымға дейінгі жолдан жүріп өтті.

Әуе күштері мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Олардың негізгі міндеті - әуе кеңістігін қорғау, стратегиялық маңызды нысандарды бүркемелеу, Құрлық әскерлерінің әрекетіне қолдау көрсету. Ұшу бөлімшелері заманауи ұшақтармен және тікұшақтармен жабдықталған. Олардың қатарында көпфункционалды Су-30СМ, Су-27 жойғыш ұшақтары, L-39 оқу-жауынгерлік, Ми-171Ш және Ми-35М көліктік-жауынгерлік және соққы беруші тікұшақтары, сондай-ақ Airbus Military шығарған А-400М ұшақтары бар.

Қазақстанның Әскери-әуе күштері үшін кәсіби кадрларды Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында даярлайды. Онда курсанттар теорияны меңгеріп, заманауи тренажерларда жаттығады және ұшуға дайындықтан өтеді. Институт түлектері ұшқыштар, штурмандар, техниктер және әскери авиация құрамының басқа да маңызды санаттарының қатарын толықтырады.

Өзгермелі геосаяси жағдайда әуе күштері дамуын жалғастыруда. Осыған сәйкес оқу бағдарламалары қайта қаралды. Дайындықтың жаңа әдістемелері енгізіліп, халықаралық және түраралық оқу-жаттығуларға қатысу жандануда. Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға, одақтастармен қарым-қатынасты шыңдауға және жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық ұшқыштардың кәсібилігі мен адалдығын көрсеткен жарқын эпизодтардың бірі 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде орын алды. Күрделі ауа райы жағдайында тікұшақтар мен ұшақтардың экипаждары тұрғындарды су басқан елді мекендерден эвакуациялауды қамтамасыз етті. Бір айда 600-ге жуық ұшу орындалып, 3,5 мыңнан астам адам құтқарылды. Екі мыңға жуық маман және 280 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.

Осы жетістіктердің артында ұшу және инженерлік құрам, байланысшы, метеоролог, техник және азаматтық қызметкерлер секілді үлкен ұжымның күнделікті жұмысы тұр. Олардың кәсібилігі  Қазақстанның сенімді және заманауи авиациясының негізі деуге тұрарлық.

  • 02.07.2025
  • 7
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика