- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
«OCEANMAN Kazakhstan – 2025»
ПРЕСС-РЕЛИЗ.
2025 жылдың 5-6 шілде аралығында Қапшағай су қоймасында ашық суда жүзуден Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық «OCEANMAN Kazakhstan – 2025» жарысы өтеді.
Салтанатты ашылуы: 5 шілде, сағат 6.30-да
Жарыстың басталуы: 5 шілде, сағат 7.00-де.
Ашық жүзуден жарыс «Heaven Club» демалыс базасында өтеді.
Халықаралық «OCEANMAN» жарысы біздің елде осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы байқауға 18 елден 2050 адам қатысады, соның ішінде алыс шетелдерден – Үндістан, БАӘ, Франция, Кувейт, Италия, Латвия, Ұлыбритания, Испания, Малайзия, Германия, Венгриядан қатысушылар бақ сынайды.
Жүзу бес қашықтықта өтеді:
OCEANMAN 10 км – 300 қатысушы (5 шілдеде, сағат 7:00-де)
HALF OCEANMAN 5 км – 400 қатысушы (5 шілдеде, сағат 8:00-де)
SPRINT 2 км – 800 қатысушы (6 шілдеде, сағат 7:00-де)
OCEANKIDS 500 метр – 500 қатысушы (6 шілдеде, сағат 10:00-де)
OCEANTEAM эстафетасы 3х500 метр – 90 қатысушы (6 шілде, сағат 11:15-те)
Биылғы жылдың маңызды ерекшелігі - INSPIRATION санатындағы 15 баланың жүзуге қатысуы. Бұған дейін осы санаттағы жүзушілер қатары көп болған, бірақ бұл жолы ерекше қажеттіліктері бар жас қатысушылардың әрқайсысының қамқоршысы бар. Оған қаржылай көмек көрсеткен – еліміздің әр өңірінен келген қазақстандықтар.
Жарыстың мақсаты: Орталық Азия аймағында және Қазақстанда салауатты өмір салтын және су спортын насихаттау, жүзушілердің кәсіби деңгейін арттыру, жүзушілер арасындағы халықаралық және аймақтық байланысты нығайту, жаттықтырушылар арасында тәжірибе алмасу, «OCEANMAN - 2025» финалдық жүзу жарысына қатысу үшін үздіктерді іріктеу.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау әр жарыс күні 5 және 6 шілдеде өткізіледі.
Шараны Алматы облысы әкімдігі, сондай-ақ бас демеуші – «Sport Qory» спортты қолдау қоры ұйымдастырды.
Байланыс телефоны: +77759215177 (Мөлдир, жоба менеджері).
- 03.07.2025
- 30