• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Маревен Фуд Тянь-Шань» өндірісін кеңейтеді

«Роллтон» және «BIGBON» танымал брендтерімен өнім шығаратын «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС өндірісін кеңейтпек. Қазіргі кезде онда сусын құятын цех пен қойма кешенінің құрылыстары жүріп жатыр. Алдағы уақытта өндірістің толық циклын қамтамасыз ету үшін элеватор мен ұн тартатын цех салу да межеленген.

Жалпы «Маревен Фуд Тянь-Шань» - Қазақстанда 2018 жылы жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалардың бірі. Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Арна» өндірістік аймағында орналасқан кәсіпорында қазіргі кезде азық-түліктің 65 түрі, жылына 40 мың тонна дайын өнім шығарылады.

«Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС директоры Бернард Вавржин жобаның жай-күйі жайлы баяндап берді. «Үш жыл ішінде зауыт жұмысына 55 млн. доллар инвестиция тартылды, 610 адам жұмысқа қабылданды. Өндірістік желіні кеңейту есебінен жылына 40 мың тонна дайын өнім шығарып отырмыз, алдағы уақытта қуаты 85 мың тоннаға дейін жетеді. Өнім шығару кезінде отандық ұн, тұз, өңірде өндірілетін картон пайдаланылып отыр. 2025 жылға қарай өнімнің 80%-і экспортқа шығарылады. Қазіргі кезде зауыт өнімдері Орта Азия, Ауғанстан елдеріне шығарылуда, Қытайға да жеткізіле бастады. Алдағы кезде сусын құятын, ұн тартатын цехтар мен элеватор желілері іске қосылады», - деді Б. Вавржин.

Амандық Баталов зауытта осы өңірдегі ең өтімді өнім – асылған етке арналған жаймалар шығаруды ұсынды. Зауыт директорының айтуынша, компанияның ондай ойы бар. Зауытта жұмыртқалы кеспеге арналған желі бар, оны қайта жобалау арқылы жайма өндірісін де жолға қоюға болады.

Екі тарап бұдан ары қарайғы да ынтымақтастықтарын меморандуммен бекітті.

Атап өтсек, «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС зауытында Германия, Швейцария, Испания, Жапонияның жаңа заманауи желілері орнатылған. 7 желіні кезең-кезеңімен іске қосудың арқасында бүгінде 65 түрлі азық-түлік өнімін шығарып отыр. Соның ішінде «Роллтон», «BIGBON» және «Петра» танымал брендтерімен тез дайындалатын кеспе, макарон, сорпа, езілген картоп, дәмдеуіштер, сусындар, чипсылар мен снектер дайындайды. «Роллтон» макарондары италиялық технологиямен өндіріледі. Шығарылған өнім Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түркіменстанға және басқа да елдерге экспортталады, қазіргі кезде экспорт көлемі 70 % құрап отыр. Кәсіпорынды автоматтандыру деңгейі 85 % жетті.

  • 11.03.2021
  • 255
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика