• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.

Жетісу облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездестім

Кеше Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездестім. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты жайлы әңгіме өрбіді. 

Әңгімелесу барысында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілі, Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Аян Зейнуллин, «Respublica» фракциясынан сайланған депутат, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Екатерина Смолякова, Қазақстан Халық партиясының өкілі, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі Ислам Сұңқар ауыл шаруашылығы, ішкі туризмді ілгерілету, инфрақұрылымды дамыту т.б. көптеген тақырыптарда сөз қозғап, пікір алмасты. Өңірдің өзекті мәселелерін шешуде өз тараптарынан қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Депутаттарға аймақты өркендету бағытында  атқарылған істер мен алдағы жоспарлар жайлы қысқаша айтып бердім. Соның ішінде Балқаш жағалауын дамыту, жол инфрақұрылымын жақсарту, апатты үйлер мәселесін шешу, әлеуметтік салаларға қолдау көрсету сияқты шаралар да қамтылды.

Кездесу соңында жергілікті атқарушы орган өкілдері мен Парламент Мәжілісі депутаттары өзара әріптестік байланысын нығайта отырып, өңірдегі шешімін күткен мәселелерді бірлесіп шешуге ықылас танытты.

Атап өтсек, 1 шілдеден бастап жұмыс сапарымен Жетісу облысына келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірді аралап, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесуде.

  • 04.07.2025
  • 20
Исабаев Б.Ө.

Жетісу облысының әкімі

Исабаев Б.Ө.
(Мұрағат)

Жетісу облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика