- Блогтар
- Налибаева Г.К.
Налибаева Г.К.
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директоры
ҚЕАО-да қуаты 1 ГВт жел паркін салу жобасы бойынша Masdar компаниясының өкілдерімен кездесу өтті
Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығында Masdar компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Жамбыл облысында энергия жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт жел паркін салу жобасын іске асырудың ағымдағы мәртебесін талқылады.
Masdar компаниясының ТМД өңіріндегі бизнесті дамыту және инвестициялар жөніндегі басшысы Марьям Аль Мазруи қазіргі уақытта жел паркінің алаңында геотехникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ жобаны қаржыландыруға байланысты мәселелер шешіліп жатқанын, жел паркінің құрылысы келесі жылы басталатынын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясының жобасын іске асыру туралы Үкіметаралық келісімге 2023 жылғы 2 желтоқсанда, Баку қаласында COP29 шеңберінде 2024 жылғы қарашада ЖЭК жөніндегі ҚЕАО мен Masdar арасында электр энергиясын сатып алу туралы шартқа қол қойылды.
- 09.07.2025
- 22