- Блогтар
- Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.
ҚР Қорғаныс министрі
Авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды
2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
Асқар Ізбасов 1973 жылы 9 шілдеде Орынбор облысы Құрманаев ауданы Костино ауылында дүниеге келген. Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесін, Беларусь Республикасының Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.
Қазақстан әскерінің сапында ол авиациялық буын ұшқышынан ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.
2024 жылдың желтоқсанында Президенттің Жарлығымен оған «авиация генерал-майоры» әскери атағы берілді.
Әскери борышын адал орындағаны үшін Асқар Ізбасов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталды.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп өсіріп отыр.
- 15.07.2025
- 21