• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қытайдың ірі энергетикалық компаниясы БҚО-ның серіктесі болады

Қытай халық республикасына ресми сапары барысында әкім Нариман Төреғалиев бастаған Батыс Қазақстан облысының делегациясы әлемдегі ірі көмір, жылу, электр және жел энергиясын өндіруші CHN ENERGY мемлекеттік корпорациясының халықаралық бөлімшесінің басшылығымен келіссөздер жүргізді. Кездесу нәтижесінде бірлескен жобаларды іске асыру бойынша үшжақты Жол картасына қол қою рәсімі өтті.

Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге тікелей инвестициялар тарту, энергетикалық қауіпсіздікті күшейту және жетекші халықаралық серіктестердің қатысуымен жоғары технологиялық инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге  асыру жөніндегі стратегиялық тапсырмасын орындау бойынша маңызды қадам болды.

CHN Energy көмір өндіруден электр энергиясын өндіруге, химиялық өңдеуге, көлік пен логистикаға дейін бүкіл өнеркәсіптік циклді қамтиды.  Топтың кешенді құрылымы ауқымды инвестициялық жобаларды толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Келіссөздер барысында тараптар энергетикалық нысандарды, соның ішінде «жасыл» генерация элементтері бар жобаларды салу және жаңа технологиялық шешімдерді Қазақстанда бейімдеу мәселелерін талқылады.

Қол қойылған жол картасы техникалық консультациялар жүргізуді, оңтайлы жер телімін таңдауды, алдын ала техникалық-экономикалық сараптаманы және ортақ қаржыландыру үлгілерін айқындауды көздейді.

Тараптар аталмыш жобаның Қытай елі үшін Батыс Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейтетін пилоттық модельге айналады деген сенім білдірді. Бұл бағытта тұрақтылыққа, қауіпсіздікке және жаңа технологиялық дамуға басымдық берілмек.

Облыс әкімі әріптестіктің бұл түрі Мемлекет басшысы айқындаған энергетика және инвестициялық тарту саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына толық сәйкес келетінін атап өтіп, өңір тарапынан жобаны толық әкімшілік және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.

Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Қытай халық республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

  • 16.07.2025
  • 25
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Төреғалиев Н.
(Мұрағат)

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика