• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бизнесті мемлекеттік қолдау: инфрақұрылымнан бастап әуе билеттеріне берілетін субсидияларға дейін

Туризм және спорт министрлігі жүйелі түрде мемлекеттік қолдаудың 7 шарасын жүзеге асыруда. Бұл шаралар туристік өнімдердің сапасын арттыруға, сондай-ақ ішкі және келу туризмін дамытуға бағытталған.

Тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу

Кәсіпкерлерге аспалы жолдар, қар тазалау техникасы, жасанды қармен қамтамасыз етуге арналған жабдықтар сатып алғаны үшін мемлекет шығынның 25% өтеп береді.

Жол бойындағы сервис нысандарын салуға жұмсалған шығындарды өтеу

Мотельдер, жанармай құю станциялары, тамақтану орындары, дәріханалар және өзге де қызмет көрсету нысандарын салуға жұмсалған шығындардың 10%-ы мемлекет есебінен өтеледі.

Туристік объектілерді салу немесе жаңғырту шығындарын өтеу

Туристік қызмет көрсету нысандарын және туристерге қажетті бағыттарда салынатын немесе қайта жаңғыртылатын объектілерді салу шығындарының 10%-ы субсидияланады.

Туристік автобустарды сатып алуға арналған өтемақы

Сыйымдылығы 8 орыннан асатын (жүргізушіні қоспағанда) автобустарды сатып алу шығындарының 25%-ы өтеледі. Бұл ретте техника кемінде 5 жыл бойы тек туристік мақсатта пайдаланылуы тиіс.

Келу туризмін ынталандыруға арналған субсидиялар

Келу туризмімен айналысатын отандық туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін әрбір адамға 15 000 теңге көлемінде субсидия төленеді. Бұл үшін шетелдік туристің елде кемінде 4 күн, 3 түн тоқтағаны және eQonaq жүйесінде тіркелгені растау қажет.

Балаларға арналған әуе билеттерін субсидиялау

Ішкі туризмді дамыту аясында 18 жасқа дейінгі балалар ел ішінде тегін ұшады. Ол үшін ішкі туризм саласында қызмет көрсететін туроператордан тур сатып алу қажет. Мұндай жағдайда туристік өнім құрамына енгізілген әуе билеттерінің құны 100% субсидияланады.

Санитарлық-гигиеналық тораптарды (СГТ) ұстауға арналған субсидия

Туристік аймақтарда, автомобиль жолдарының бойында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға ай сайын 83 300 теңге көлемінде субсидия төленеді.

Аталған қолдау шаралары ішкі туристер ағынын ұлғайтуға, кәсіпкерлерге туристік өнімдерді дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

  • 16.07.2025
  • 19
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика