- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Италияның Қазақстандағы Елшісімен кездестім
Кеше облыс әкімдігінде Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риу мырзамен кездестім.
Жалпы, өңірде бес стратегиялық бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде: агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік және логистика, туризм, баламалы энергетика және өнеркәсіп, оның ішінде жер қойнауын пайдалану саласын дамыту. «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы табысты жұмыс істеп тұр. Бізде баламалы энергетиканы дамытуға қажетті табиғи алғышарттар - күн, жел және тау өзендерінің су ресурстары жеткілікті. Осыған байланысты жаңартылатын энергия көздері секторы біздің стратегиямыздың маңызды бөлігі саналады.Өңірде инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасалғанын, соның ішінде оларға заң аясында қолдау мен сүйемелдеу жасалатынын айттым.
Іскерлік кездесуді қорытындылай келе, бұл кездесу түрлі салаларда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды қадамы болатынына сенімдімін.
- 17.07.2025
- 11