- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісуда Италияның Марке политехникалық университеті филиалының жаңа кампусы ашылды
Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Италияның Марке политехникалық университеті (Marche Polytechnic University) филиалының кампусы ресми түрде ашылды. Бұл шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риу, сондай-ақ, италиялық және жергілікті ғалымдар, студенттер қатысты.
Марке политехникалық университетінің филиалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына сәйкес өңір ерекшелігін ескере отырып, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында ашылған болатын. Қазіргі таңда филиал «Агрономия» – «Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары» қосдипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1035746
- 17.07.2025
- 12