- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Нұра ауылындағы №12 мектеп жаңғырып жатыр: жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр
Талғар ауданының Нұра ауылында орналасқан №12 орта мектепте 2023 жылдың маусым айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бұған дейінгі мердігердің жұмысынан туындаған қиындықтарға қарамастан, қазіргі таңда құрылыс 75% аяқталды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін, яғни 30 тамызға дейін оқу корпусы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі болды. 2024–2025 оқу жылында 1–11 сыныптарда 1141 оқушы толыққанды білім алды. Уақытша оқыту үшін ауылдың Мәдениет үйі, округ әкімдігі және жеке ғимарат пайдаланылып, барлық сыныптарға қажетті жағдай жасалды. Сабақтар санитарлық нормаларға сай, екі ауысыммен 45 минуттан өткізілді.
Жаңа шағынаудандардан қатынайтын 350 оқушы үшін мектепке тасымалдау ұйымдастырылды. Бұл мақсатта мектеп теңгеріміндегі екі автобус пен жеке кәсіпкермен келісілген қосымша автобус пайдаланылды.
Бұрынғы мердігер «SHEBERBUILD» ЖШС-мен келісімшартты біржақты бұзғаннан кейін, 2025 жылғы 9 маусымда республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Еңбек-Өскеменмен» жаңа келісім жасалды. Қазіргі уақытта нысанда 26 жұмысшы еңбек етуде. Техникалық қадағалауды «Мегалиты Алматы» ЖШС жалғастыруда.
Жергілікті атқарушы органдардың, білім бөлімі мен мердігер ұйымдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде мектеп ғимараты жаңарып, заман талабына сай білім ордасына айналмақ. Жаңа оқу жылында оқушылар мен мұғалімдер жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектепке оралады.
- 24.07.2025
- 23