• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарымен кездесті.

Жиынға бірқатар басқарма мен құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.

Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді нақтылады. Ербол Қарашөкеев Шу ауданы – өңірдегі әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары аудандардың бірі екенін, бұл аудан инвестиция тартуға, өнеркәсіпті дамытуға қолайлы жағдайларымен ерекшеленетінін атап өтті.

Қазіргі таңда Шу ауданындағы «Jibek joly» арнайы экономикалық аймағында жұмыстар қарқын алды. Құны - 791,0 млрд. теңгені құрайтын 21 жоба бастау алды. Оның ішінде 4 кіші жоба іске қосылған, 5 жобаның құрылыстары жүргізілуде және 12 жоба бойынша жобалау жұмыстары әзірлену сатысында.

Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерде экономикалық өсіміне оң серпін беріп отырған «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданның 5 ауылдық округінде 5 бағытын іске асыруға 4,5 млрд.теңге қаржы бөлініп, 758 аула қамтылды.

Қайтарылған жерлер есебінен және босалқы жер қорынан 7 елді мекенге қосымша жалпы көлемі 26 000 гектарды құрайтын маусымдық жайылымдық жер телімдері қосылып берілді.

Жиында Ербол Қарашөкеев жауаптыларға мемлекеттік қолдаудың қарапайым шаруаларға, тұрғындарға жетуі қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар аудан әкімдігіне кәсіпкерлік саласын дамыту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау міндетін қойды.

- Жергілікті жерде ірі кәсіпорындардың құрылуы халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына, аймақтың экономикалық дамуына серпіліс берері сөзсіз. Маңызды мәселе – инвесторлардың қызығушылығын арттыру, ауданның барлық мүмкіндіктерін көрсете отырып оларға заңға сәйкес қолдау көрсету қажет. Сондықтан халықты тұрақты жұмыспен қамтитын кәсіпорындардың құрылуын басты назарға алу маңызды, — деді облыс әкімі.

Жиында аудан әкімі мен орынбасарлары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Сонымен қатар тұрғындар облыс басшысына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарымен бөлісті.

Қазіргі таңда тұрғындар жиі көтеретін өзекті мәселелердің қатарында «Шу–Қайнар» автожолындағы аяқталмаған құрылыс жұмыстары, тұрмыстық қалдықтар мәселесі, жол мен жарықтың жайы, жайылымдық жер тапшылығы және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдер бар.

-Шу ауданындағы әлі күнге дейін шешімін күткен мәселелермен мен таныспын, тұрғындар тарапынан әлеуметтік желіде жекеме көптеген өтініштер түседі, - деген аймақ басшысы жауаптыларға көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылдап, жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Жиын соңында облыс әкімі егін, мал шаруалығында жаңа әрі озық технологияларды енгізу жұмыстарын жандандыруды, «Ауыл аманаты» жобасының бесінші бағытына басымдық беріп, кәсіп ашу шараларын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттауды, жас мамандарға, жастарға әлеуметтік қолдау көрсетуді, азық-түлік қауіпсіздігін және жанар-жағар май, сұйытылған газ тапшылығын болдырмау мақсатында кәсіпкерлермен жүйелі жұмыс жүргізіп, бақылауға алуды тапсырды.

Бұдан соң, облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдап, мәселелеріне құлақ асты.

  • 28.07.2025
  • 9
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика