- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Алакөл ауданында жыл басынан бері өнеркәсіп өндірісі 54,4%-ға өсті
Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7,6 млрд. теңгені құрап, 54,4%-ға өскен.
Өнеркәсіп секторында биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7,6 млрд. теңгені құрап, 54,4%-ға өсім байқалған. Жыл басынан бері ауданға 43,2 млрд. теңге инвестиция тартылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсім бар. Тартылған инвестициялардың 73,1%-ы немесе 39,6 млрд. теңгесі жеке инвестициялар есебінен. 2028 жылға дейінгі ірі жобалар арасында Достық станциясындағы «Достық Транс Терминал» серіктестігінің көпфункционалды жүк тиеу терминалының және «Депо қызметі» серіктестігінің вагон жөндеу станциясының құрылысы бар. Сонымен қатар, өткен жылдан бері жүріп жатқан «Достық – Мойынты» теміржол желісінің құрылысы биыл аяқталады.
Ауданда биыл жылы егіс алқабы - 80 мың гектар. Қазір күздік бидайды ору жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ретте өткен жылы пайдаланылмай жатқан 43,8 мың гектар мемлекет қорына қайтарылса, жыл басынан бүгінге дейін 6,4 мың гектар қайтарылды.
- 28.07.2025
- 9