- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Алакөлді дамыту: демалушылар қатары 6,2%-ға, қызмет көрсету көлемі 1,8 есе өсті
Жетісу облысы құрылғаннан бері Алакөл ауданы бойынша туризм саласын дамытуға 12,3 млрд. теңге бөлінген. Бұл өз кезегінде көл жағалауының инфрақұрылымын жақсартуға елеулі ықпал етті. Жиырма бес жылдан бері түйткілді болып келген электр жарығы мәселесі шешімін тапты. Кәріз жүйесі салына бастады.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында жағалаудағы электр қуаты жетіспеушілігі мәселесі шешімін тапты. Атап айтқанда, Ақши және Бескөл ауылдарының арасында жоғары кернеулі 56,8 шақырым электр желісі мен 2 қосалқы станцияның негізгі құрылысы салынды, қазір абаттандыру жүргізілуде, дайындық деңгейі 95 %. Өткен жылдары Ақши ауылында ұзындығы 69,7 шақырымды құрайтын магистралды кәріз желісі салынды. Биыл Үкімет резервінен бөлінген қаржыға Ақшиде кәріз тазарту құрылғысын салу жұмыстары басталды, келесі жылы аяқталады. Көктұма ауылында кәріз жүйесінің жобасы әзірленіп, қаржыландыруға өтінім берілді.
Былтыр көл жағасында демалушылар саны 1,7 млн. адамға жетті, алдыңғы жылғы көрсеткішке қарағанда демалушылар қатары 6,2%-ға, қызмет көрсету көлемі 1,8 есе өскен.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1040841?lang=kk
- 28.07.2025
- 9