• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Президент тапсырмасы аясында: Туризм және спорт министрлігі туристік ағынды есепке алудың жаңа тетігін әзірлеуде

Мемлекет басшысының туристік статистиканың нақтылығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Астанада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросы басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Бюро 2024 жылға арналған ішкі туризмді мобильді құрылғы қызметі арқылы бағалау жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелерін таныстырды. Қазақстанда алғаш рет ресми есепке алу аясында байланыс операторларының деректері ішкі туристік ағынды талдау үшін пайдаланылды.

Ербол Мырзабосынов цифрлық дереккөздерге көшу қазіргі есеп жүйесіндегі олқылықтарды жойып, елдегі шынайы туристік белсенділіктің көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл өз кезегінде инфрақұрылымды тиімді жоспарлауға, инвестиция тартуға және туристік қызметтердің сапасын арттыруға негіз болмақ.

«Байланыс операторларынан алынған деректерді пайдалана отырып статистика жүргізу – Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды қадам. Бұл тәсіл саланың даму стратегиясын жүйелі жоспарлауға жол ашады. Атап айтқанда, санитарлық-гигиеналық тораптарға деген сұранысты есептеуге, курортты өңірлердегі жүктемені анықтауға, инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жоспарлауға, сондай-ақ өңірдің инвестициялық тартымдылығын бағалауға мүмкіндік береді», – деді министр.

Ұялы байланыс операторларының деректерін пайдалану қысқа мерзімді сапарлар мен түнемейтін саяхаттарды есепке алып, туристік ағынды неғұрлым шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

«Ұялы деректердің арқасында туризм статистикасы жаңа деңгейге көтерілуде. Қазақстан – ТМД елдерінің ішінде ұялы байланыс операторларының деректерін ресми статистикада қолдануды алғаш болып енгізген мемлекет болмақ. Бұл жаңашыл тәсіл халықтың, оның ішінде ішкі туристердің қозғалысы туралы неғұрлым нақты, жедел әрі шынайы ақпарат алуға мүмкіндік береді», – деді Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Мұндай тәсілдің тиімділігі халықаралық тәжірибе арқылы дәлелденген. Осыған ұқсас тәжірибе қазіргі таңда Сауд Арабиясы, Индонезия, Оман және Эстония елдерінде сәтті іске асырылған.

  • 30.07.2025
  • 30
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика