• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЭКА ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ: БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижесін жариялады. Өңдеуші өнеркәсіпке көрсетілетін қолдау көлемі өткен жылғы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есе өсіп, жаңа рекорд орнатылды.      

Биылғы бірінші жартыжылдықта ЭКА көрсеткен қолдау көлемі 333,3 миллиард теңге болды. Оның 43 миллиард теңгесі экспорт алдында тартылатын қаржы және саудаға қажет қаржы құралдары арқылы тартылды. Осы ретте салыстыра кететін болсақ, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қолдау көлемі 157,9 миллиард теңгеден аспаған.       

Осы аралықта ЭКА 81 экспорттаушыға қолдау көрсетті, оның 12-сі жаңа клиенттер болып отыр. Бұл компанияның сыртқы нарыққа жаңа компанияларды тарту стратегиясы аясында мүмкін болды. Агенттік шағын және орта бизнеске (ШОБ) ерекше назар аударады: қолдау көрсетілген жобалардың жалпы санының 70 пайызы дәл осы секторға тиесілі.

Экспортқа негізінен азық-түлік, металл өнімдері, химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, агроөнеркәсіптік кешен өнімдері және құрылыс материалдары шығып жатыр. Отандық өнімдерді сатып алып жатқан басты елдер –  Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Ресей Федерациясы, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Моңғолия, БАӘ және т.б.

Экспорттаушы өңірлер арасында Қарағанды облысы көш бастап тұр. ЭКА-ның жалпы қолдау көрсету көлемінің 52,7 пайызы осы аймақтың еншісіне түсті. Өңір кәсіпорындары 176 миллиард теңге көлемінде қолдау тапты. Одан кейінгі орындарға Абай (50 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан (30 миллиард теңге) облыстары жайғасты.  

2025 жылы экспорттаушылар арасында қысқа мерзімді дебиторлық берешекті сақтандыру, қарыздарды сақтандыру және экспорттық құжаттамалық аккредитивтерді сақтандыру құралдары мықты сұраныста болды. 

ЭКА Басқармасы төрағасының орынбасары Мадина Ержанова Агенттік үшін өңдеу өнеркәсібінің шикізаттық емес салаларында бәсекеге қабілетті өндіріс құру және сыртқы нарықта отандық тауар желісін дамыту басым бағыт болып қала беретінін алға тартты. 

 «Біз биылғы бірінші жартыжылдықта өткен жылдың нәтижелерін басып озып, тіпті асып түстік. Жыл соңына қарай Агенттіктің қолдау көлемі 600 миллиард теңгеге дейін жетеді деп болжап отырмыз. Біз ұлтттық экономикаға оң әсер беретін серпінді әрі инвестициялық жобаларды іске асыруды арттырамыз», - деді Мадина Ержанова.

М. Ержанова сонымен қатар ЭКА стратегиясындағы қайта сақтандыру саласының маңызы өсіп келе жатқанын атап өтті. Биыл қайта сақтандыру көлемі 135 миллиард теңгеден асты. Оның нәтижесінде болуы мүмкіндік сын-қатерлер азайып, қаржы тұрақтылығы қамтамасыз етілді.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің қызметі экспортқа несие тарту саласындағы әлемдік трендтерді қадағалауға және қазақстандық компанияларға халықаралық аренада қолдау көрсетудің тиімді құралдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрлы сервистерді дамыту және жаңа өнімдерді енгізу арқылы агенттіктің қызметтеріне қол жеткізу әлдеқайда жеңіл болып отыр. Экспорттаушылар ЭКА ресми сайтында және bgov.kz бизнесті қолдау порталында жеке кабинет арқылы өтініштің кез келген түрін бере алады. Цифрлы жүйе кәсіпкерлерге онлайн өтініш беруге және оны кез келген уақытта қадағалауға мүмкіндік береді. 

  • 05.08.2025
  • 49
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика