• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен өңірдің бірқатар өндірістік нысандарын аралады.

Жүмыс сапары барысында облыс басшысы кәсіпорындардың ағымдағы жағдайымен, жаңғырту жоспарларымен, сондай-ақ өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

Сапар барысында өндірісті оқшаулауға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды. Кәсіпорын басшылары қол жеткізілген нәтижелері туралы баяндап, мемлекеттік органдар тарапынан қолдауды талап ететін мәселелерді көтерді.

Өңір басшысы ең алдымен үш қабатты гофрокартоннан жасалатын бұйымдар өндірісіне маманданған «Гофротара зауыты» ЖШС-не барды. Келесі жылы кәсіпорын 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы уақыт ішінде зауыт ішкі нарықтан да және өзге елдерден де сатып алынған шикізатты қолдана отырып тұрақты жұмыс істеуде.

Бүгінде кәсіпорын иелері саланы одан әрі дамытуға ниетті және қолданыстағы өндірісті жаңғыртуды жоспарлап отыр. Картон өнімдерін шығарып қана қоймай, өзін-өзі шикізатпен қамтамасыз ететін жаңа кәсіпорын құруды жоспарлауда. Жаңа жобаны - «QazRoyalPak» ЖШС - «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында іске асыру жоспарлануда. Бұл мақсатқа 20 гектар жер учаскесі бөлініп, толық циклді өндірістік процесті салу және іске қосу үшін барлық қажетті техникалық шарттар алынды.

Жаңа кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 60 мың тоннадан астам қағаз бен картонды құрайтын болады. Аталмыш жоба өнеркәсіпті дамыту Қорының қолдауымен жүзеге асырылатын болады. Жаңа өндірісте 300-ден астам жұмыс орны құрылады деп күтілуде, бұл өңір экономикасының дамуына және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға елеулі үлес қосады.

Сапар барысындағы келесі нысан «Мерусар и К» ЖШС болды. Компания бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар, яғни, медициналық маскалар, бахила, бір реттік жаялықтар, майлықтар және басқа да өнімдер шығарады. Кәсіпорында 140 адам жұмыс істеп, жыл сайын 450 мыңнан астам өнім шығарылады.

Әкіммен кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері облыс орталығында, атап айтқанда, абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту саласында болып жатқан өзгерістерге оң көзқарастарын білдірді. Сонымен қатар, өндіріс орналасқан өнеркәсіптік аймақтағы жағдайды жақсарту мәселелерін көтерді. Басым міндеттердің қатарында - кірме жолдарды ретке келтіру және көше жарығын орнату.

Асайын Байханов шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік органдар жұмысында басым бағыт болып қала беретінін атап өтті. Ол жауапты қызметтерге қысқа мерзімде кәсіпорын қызметкерлерінің айтқан мәселелерін қарастыруды және шешуді тапсырды.

— Біз бизнесті дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасауға және азаматтарымыз, соның ішінде осындай кәсіпорындарда жұмыс істейтін жандар үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге мүдделіміз, - деп атап өтті өңір басшысы.

Сапар қорытындысы бойынша жаңғырту үдерістерін жеделдету, әкімшілік кедергілерді жою және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Өнеркәсіптік кластерлерді дамыту және жаңа өндірістер құру Павлодар облысы экономикасының одан әрі өсуінің және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудың маңызды драйвері болатыны атап өтілді.

  • 08.08.2025
  • 24
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика