• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан құрамасы қазақ күресінен CISM әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды

Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен I әлем чемпионатының жабылу салтанаты өтті.

Халықаралық әскери спорт кеңесінің (Conseil International du Sport Militaire) қолдауымен өткен ауқымды спорттық турнир Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналды.

Жабылу салтанатына Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, CISM Президенті Бразилия армиясының полковнигі Ролим Фильо Нилтон Гомес, шетелдік делегациялардың өкілдері, қазақстандық спорт ардагерлері және Қарулы күштердің әскери қызметшілері қатысты. CISM басшылығына, төрешілерге, жаттықтырушыларға, еріктілер мен демеушілерге жоғары дайындық деңгейі үшін алғысын білдірген Қазақстан Қорғаныс министрі спортшыларды әлем біріншілігінің аяқталуымен құттықтап, зор денсаулық, жаңа жеңістер мен қызметте жетістіктер тіледі.

– Қазақ күресі – ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Оның негізгі мәні – әділеттілік, табандылық, мақсатқа ұмтылушылық және төзімділік. Бүгінгі жарыста балуандар шынайы спорттық рух пен нағыз шеберлікті көрсетті. Әлем чемпионаты тек спорттық жарыстың ғана емес, сонымен қатар достықтың, өзара құрмет пен халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтудың алаңына айналды, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.

Алғашқы жекпе-жектер отандық ұлттық спорт мектебінің артықшылығын көрсетті. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Қазақстан құрамасы, екінші орынды Өзбекстан командасы, үшінші орынды Ресей алды. Жабылу салтанатында CISM Президенті полковник Ролим Фильо Нилтон Гомес сөз сөйлеп, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және спортшылардың тамаша дайындығын атап өтті.

– Әлем елдері көшпенділердің дәстүрлері мен қазақ күресінің ұлттық спорт түрі қандай екенін көрді. Бұрын жауынгерлердің жекпе-жек өнері олардың өмір салты болды. Бұл спорт әлемнің барлық елдерінің әскери қызметшілеріне тән төзімділік, тактикалық шеберлік, жоғары интеллект жән абырой сынды құндылықтар мен қасиеттерді қамтиды. Қазақ күресінің болашағы зор екеніне сенімдімін, – деді ол.

Ерлер арасында Қазақстан балуандары Бекжан Төлепов (55 келі), Ернұр Сүлеймен (60 келі), Сағындық Әшім (66 келі), Жұмажан Қожамбеков (74 келі) және Ғалымжан Қырықбай (100 келіден жоғары), ресейлік балуандар Глеб Голов (82 келі) және Владимир Досяк (100 келі), Өзбекстаннан келген Омар Бозоров (90 келі) чемпион атанды.

Әйелдер арасында жеңіске жеткендер – қазақстандық спортшылар Айжан Жылқыбаева (48 келі), Рауза Нұрмұхаметова (56 келі) және Ақерке Рамазанова (77 келіден жоғары), Өзбекстаннан келген Ситор Ильмуродова (52 келі) және Шахноза Бозорова (77 келі), Ресей құрамасының өкілдері Валентина Остапец (60 келі) және Дарья Кузмичева (65 келі).

Қазақ күресінен CISM әлем чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар тартысқа толы сайыста 8 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль олжалады.

  • 16.08.2025
  • 40
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика