- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысында Тамыз конференциясы аясында білім мекемелерінің 90 қызметкері марапатталды
Жетісуда «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» облыстық тамыз конференциясы аясында өңірдегі мұғалімдер, тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтар, білім саласының дамуына үлес қосқан басқа да саланың қызметкерлері, демеушілер мен кәсіпкерлер, басым бөлігі білім мекемелеріндегі жұмысшы мамандар – жалпы саны 90 адам марапатталды. Талдықорғанда өткен конференция жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова және өңірдің педагогтар қауымы қатысты.
Өңірде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған 6 педагог бар. Солардың арасында жетісулық ұстаз Ләззат Испанова күні кеше ғана Президент қолынан марапат алған болатын.
Өркениетті, озық ел боламыз десек, ең алдымен ұстаздарға қолайлы жағдай жасап, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруіміз керек. Өйткені сіздер жас ұрпақты тәрбиелеп, мемлекеттің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Осы еселі еңбектеріңіз үшін ұстаздар қауымына шынайы алғысымды білдіремін.
Жыл сайынғы педагогтардың Тамыз конференциясы аясында Жетісуда білім саласын дамытудың өзекті мәселелері, атап айтқанда Президенттің алға қойған білім сапасын көтеру, инклюзивті оқыту, жас ұрпақты тәрбиелеу, оларды әлеуметтік кеселдерден сақтау, саланы цифрландыру және мұғалімнің мәртебесін көтеру міндеттерін іске асыру жолдарын талқылаған болатын.
- 21.08.2025
- 30