• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Баланың өмірінен қымбат ештеңе жоқ – Ербол Қарашөкеев суицидтің алдын алу шараларын сынға алды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев құқық қорғау органдары мен басқарма басшыларының, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің, өңір бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдің басын қосып, кәмелетке толмағандар арасындағы өзекті мәселелерді талқылады. 

Басқосуда суицид, құқық бұзушылық, қылмыс, зорлық-зомбылық және ерте жүктіліктің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.

Кеңес барысында полиция департаменті бастығының орынбасары Б. Жанаевтың, білім басқармасының басшысы Н. Оршыбековтің, денсаулық сақтау басқармасының басшысы С. Назарбектің, Байзақ ауданының әкімі О. Баққараевтың және басқа да жауапты тұлғалардың баяндамасы тыңдалды. 

Ербол Қарашөкеев облыста балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары әлсіз әрі тиімсіз жүргізіліп жатқанын атап өтіп, бұған дейін тіркелген деректерді терең талдауды тапсырды.

– Өңірімізде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиілеп барады. Бұл – қоғам үшін дабыл қағатын, аса алаңдатарлық жағдай. Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын-алу, себебімен күрес жұмыстары өз нәтижесін бермей отыр, – деп сөзін бастады облыс әкімі.

Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, психологтардың кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты міндеттер жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстарға атсалуы тиіс «Ақсақалдар», «Аналар» және Қоғамдық кеңесті, «Әжелер» мектебі мен үкіметтік емес ұйымдардың  деңгейі мен әлеуетіне барынша назар аудару қажеттігін ескертті.

– Баяндамашыларды тыңдасақ,  ауқымды жұмыс жүргізіп жатқан секілді. Бірақ, нәтижесін көріп тұрған жоқпыз. Жұмыс тек есеп беру немесе рейтинг қуалау үшін емес, шынайы нәтиже үшін жүргізілуі керек. Себебі, балаларымыздың өмірінен қымбат ештеңе жоқ! Зерделеу жұмыстары кезінде жанұялардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына ерекше назар аудару қажет. Толық емес отбасындағы әр балаға жеке жоспар жасалып, тиімді шешімдер қабылдануы тиіс, – деді облыс әкімі.

Кеңес қорытындысы бойынша Байзақ, Талас, Шу, Қордай ауданы әкімдерінің салаға жауапты орынбасарларына қатаң шара қарау тапсырылды.

Ербол Қарашөкеев салаға жауапты облыс әкімінің орынбасарларынан, жауапты тұлғалардан құрғақ сөз емес, нақты қадамдар күтетінін тағы бір мәрте еске салды. 

– Мемлекет басшысының бастамасымен балалардың болашағы мен елдің келешегі үшін үлкен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Өңіріміздің өзінде жыл сайын мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарып, жаңа білім беру нысандары салынуда. Осыны ескерсек, білім сапасына, педагогтердің біліктілігіне және балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуы тиіс, – деді облыс әкімі.

  • 25.08.2025
  • 33
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика