- Блогтар
- Налибаева Г.К.
Налибаева Г.К.
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директоры
Қызметтердің шекті бағалары туралы «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-ның хабарламасын қарау бойынша жария тыңдау өтті
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағалығымен қызметтердің шекті бағалары туралы «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО»ЖШС-ның хабарламасын қарау бойынша:
- электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар бөлігі бойынша;
- электрлік қуаттың дайындық күйін қамтамасыз ету және жүктемені көтеруге дайындықты орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар бөлігі бойынша бағаларының шекті бағасының өзгеруі туралы хабарламасын қарау шеңберінде жария тыңдау өткізді.
Қоғамдық тыңдаулар офлайн режимде өтті, сонымен қатар ТМРК-нің Facebook-тегі ресми парақшасында қатар көрсетілді, бұл барлық мүдделі тұлғаларға нақты уақыт режимінде сұрақтар қоюға мүмкіндік берді. Талқылау қорытындысы бойынша жария тыңдауларға қатысушылардың барлық мәселелері бойынша толық көлемде түсіндірме-жауаптар ұсынылды.
Іс-шараға «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО»ЖШС-ның, «KEGOC» АҚ-ның, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
- 27.08.2025
- 32