• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев: Жамбыл облысының жоғары туристік әлеуетін тиімді пайдалану – басты міндет

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аппараттық кеңесте өңірдің туристік мүмкіндіктері әлі де толық ашылмай отырғанын баса айтып, ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Басқосуда кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

2025 жылдың бірінші тоқсанында облысқа барлығы 44 089 турист келген. Оның ішінде 43 097-сі – ішкі туристер, ал 992-сі – шетел азаматтары. Қонақтардың көбі Ресей, Қытай және Өзбекстаннан келген.

Қазіргі таңда өңірде 45 туристік нысан, 576 тамақтану орны, 90 демалыс аймағы және 224 қонақ үй жұмыс істейді.

Жыл басынан бері туризм саласына 12,5 млрд теңге инвестиция тартылды.

2025–2028 жылдары өңірде 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 350 жаңа жұмыс орны ашылады. Жоспарға сәйкес жыл сайын тартылатын туристер санын 410 мыңнан асыру көзделген.

Биылдың өзінде заман талабына сай 9 туристік нысан ашылады. Оның алтауы іске қосылды, қалған үшеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

«Таскөл», «Көксай resort», «Алмалы resort» демалыс аймақтарына апаратын 34,8 шақырымдық жаңа жол салынды.

Жамбыл облысы аумағынан өтетін Алматы–Ташкент–Термез бағытындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында қазір 19 санитарлық-гигиеналық торап бар. Туристердің қолайлығы үшін олардың санын 22-ге жеткізу көзделген.

Байзақ ауданында жол бойындағы 3 сервистік нысан пайдалануға берілді. Жоспарға сәйкес Меркі және Т. Рысқұлов аудандарында тағы алты нысан ашылады.

– Жамбыл облысы – тарихы терең, табиғаты әсем өңір. Бірақ қолда бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алмай отырмыз. Туризмді дамыту арқылы өңірдің экономикасын да, халықаралық беделін де көтеретініміз сөзсіз. Аймақтың барлық ерекшеліктерін ескере отырып, бірегей бренд жасау қажет. Жұмыс қарқыны жеткіліксіз, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы санитарлық-гигиеналық тораптар мен әжетханалардың тазалығы сын көтермейтінін атап өтіп, бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстау керектігін ескертті.

– Облыс тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін 3 демалыс орнына жол салынды. Ендігі кезекте туристердің сұранысына ие, бірақ инфрақұрылыммен қамтылмаған нысандарды айқындап, бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл мәселелерді шешуіміз қажет, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ басқа өңірлердің тәжірибесін зерделеуді, әлеуметтік желілердің тетіктерін тиімді пайдалануды және түрлі деңгейдегі туризм іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыруды жүктеді.

Кеңес қорытындысы бойынша кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына туризм саласын дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеу үшін бір ай уақыт берілді.

  • 03.09.2025
  • 7
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика