• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Дәстүрім – асыл қазынам» атты қайырымдылық жобасы өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Қазақстанның ұлттық дәстүрі мен мәдениеті айы аясында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Дәстүрім – асыл қазынам» fnns қайырымдылық жобасын өткізді.

Қайырымдылық жоба аясындағы іс-шаралар кешенін тамашалауға көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері шақырылды.

Қайырымдылық жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жүзеге асты. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдегендей, жаңа жоба Көрісу күнінің тәлім-тәрбиелік сипатын көрсетіп, өскелең ұрпаққа өнегесі мол туындыларды ұсынады.

- Барша қазақстандықтарды ата-бабамыздың ежелден келе жатқан мерекесі – Көрісу күнімен құттықтаймын. Бұл мереке – барша жұрт бір-бірімен қауышып, жастар үлкендердің батасын алып, қыстан аман-есен шыққанын мерекелейтін күн. Біз де бүгін өсіп келе жатқан жас бүлдіршіндерге осы дәстүрімізді көрсетіп жатырмыз. Барша қазақстандықтарға дүниежүзінде өршіп тұрған індеттен аман-есен өтейік, деп тілегім келеді. Көрісу күні – достықтың, қайырымдылық пен жақсылықтың мерекесі. Сондықтан бүгінгі «Дәстүрім – асыл қазынам» атты жобаны біз көп балалы отбасылардан шыққан кішкентай бүлдіршіндерге арнадық,- деді министр Ақтоты Райымқұлова.

Көрісу дәстүрінің ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін іс-шараға жиналған зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері түсіндіріп,  бүлдіршіндерге тамаша үлгі көрсетті. Бұл мерекені балалардың көз қуанышына айналдыру мақсатында іс-шараға келген қонақтар барша бүлдіршіндерге кәмпит, жент, құрт, ірімшік сынды ұлттық тағамдардан тұратын тәтті сыйлықтар жинағын табыстады. Қонақтардың қатарында ҚР Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Мәжіліс депутаттары Бекболат Тілеухан, Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Дархан Мыңбай, Айгүл Мүкей, Мақсат Толықпай сынды белгілі тележүргізушілер мен танымал блогерлер болды.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлының айтуынша, Ұлыстың ұлы күні балалардың асыға күтетін мерекесі болып қалыптасу керек.

- Бүгінгі «Дәстүрім – асыл қазынам» атты қайырымдылық жобасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Қазақстанның ұлттық дәстүрі мен мәдениеті айы аясында өтіп жатыр. Халқымыз ежелден бері Көрісу күнін мейірімділік пен қамқорлық, бірлік пен келісім сынды мәңгілік құндылықтарды дәріптейтін мейрам ретінде тойлаған. Осыған орай, Наурыздың бастауы – Амал мерекесінде біз мейірімділік шуағы мен жүрек жылуын сыйлау дәстүрін бастадық. Бүгінгі жоба соның дәлелі. Бұл жоба арнайы жас бүлдіршіндер үшін ұйымдастырылып отыр. Балалар – еліміздің болашағы. Наурыз мерекесінің бастауы осындай дәстүрге сай тойланып, балалардың санасына кіріксе, нағыз халықтық мейрамға айналады,- деп мәлімдеді Жеңіс Сейдуллаұлы.

Құттықтаудан кейін іс-шара мерекелік концертке ұласты. Концертте «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі мен Құрмаш Махан, Ардақ Балажанова, Құмарбек Қалқатай, Дінисламбек Жайлаубай, Гүлнәр Көшенова, Біржан Айтахметов, Айдана Қаржаубаева сынды белгілі әншілер өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаға көрермен сүйіп тыңдайтын халық әндері мен заманауи туындылар енген. Мерекелік ән мен күй шашудан кейін бүлдіршіндер Наурыз көжеден дәм татып, «Астана мюзикл» мемлекеттік театры дайындаған «Наурызбектің оқиғасы» интерактивті ертегісін тамашалады. Заманауи форматтағы қойылым бүлдіршіндердің ұлттық құндылықтар мен фольклорлық мұраға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Қазақ ертегілерінің, танымал мультфильмдер мен комикстердің кейіпкерлері тоғысқан ертегінің қызық сюжеті балалардың көңілінен шықты.

Жоба отандық анимациялық фильмдердің көрсетілуімен аяқталды. Балалар «Qazaqstan» ОКЗ үлкен залында «Қазақфильм» АҚ ұсынған «Күлтегін» мультфильмін тамашалады.

Іс-шара соңында балалар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

  • 15.03.2021
  • 283
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика