- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісудың Текелі қаласында жыл соңына дейін туристерге арналған ақпараттық визит-орталық ашылады
Туристік инфрақұрылымды дамыту аясында жыл соңына дейін Текелі қаласында визит орталығы ашылмақ.
Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін туристер легі артып, «Бұрқанбұлақ» өңірдің танымал көрікті орындарының біріне айналады деп күтілуде. Жалпы, Текелінің табиғи-рекреациялық әлеуеті туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан туристік инфрақұрылымды дамыту аясында жыл соңына дейін қалада демалыс орындары мен туристік қызметтер туралы ақпарат беретін визит орталығы ашылады.
Биыл жеке кәсіпкерлер қонақүй, сол сияқты жылына 50 мың келуші қабылдай алатын спорттық-туристік кешен құрылысы жобаларын іске асыруда.
Текеліде 21 демалыс орны жұмыс істейді, онда биылғы жылдың бірінші тоқсанында 3 мың келушіге 88 млн. теңгеге ақылы қызмет көрсетілген.
- 05.09.2025
- 25