• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді орындау бойынша кеңес өткіздім.

Бұл – болашаққа бағыт-бағдар беретін, еліміздің жан-жақты дамуының негізгі стратегиясын айқындаған құжат.

Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленеді.

Жолдауда заманауи технологияларды кеңінен енгізу мәселесіне басымдық берілді. Ел Президенті өз сөзінде: «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек», – деп атап өтті. Бұл – уақыт талабы, өркениет көшіне ілесудің басты кепілі. Сондықтан цифрландыру мен жасанды интеллектіні барлық салада кеңінен қолданып, халық игілігіне жарату – баршамызға ортақ міндет.

Мемлекет басшысы жергілікті билік пен қоғамға айқын мақсаттар қойды. Ең әуелі – инвестиция тарту ісін күшейту. Өңдеу өнеркәсібіне жаңа қаржы құю, арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын жетілдіру, қағазбастылықтан түбегейлі арылу, шағын және орта жобаларды қолдау – ел экономикасының іргетасын нығайтар нақты тапсырмалар.

Жамбыл облысы республика бойынша инвестиция тартуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл бағыттағы жұмыстарды ширата түсетін боламыз.

Биыл 30 инвестициялық жоба жүзеге асып, 1 500 адамға жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 301,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 48,1 пайызға артты. Бұл – облысымыздың әлеуеті мен ерекшелігін ескерген инвесторлардың аймаққа сенімінің арта түскенінің айқын көрінісі.

Президент аугорөнеркәсіп саласына да айрықша басым беріп отыр. Ағымдағы жылы аймақта ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 48,2 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 2025 жылдың алғашқы жеті айында 149,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді. 3,8 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналады деп күтілуде.

Өңірде дақылдарды әртараптандыру бағытында да жаңа жобалар жүзеге асуда. Алғаш рет пилоттық режимде 15 гектарға соя бұршағы, 238 гектарға бұршақ (фасоль) егілді. Қажетті элиталық тұқымдар Мексикадан әкелінді. Жоба нәтижесінде шамамен 1,6 мың тонна өнім жиналып, экспортқа шығарылмақ.

2025–2027 жылдары ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 47,5 млрд теңге болатын 19 агрожоба іске асырылады.

Біз Жолдау жүктеген міндеттерді басшылыққа ала отырып, жамбылдықтардың тұрмыс сапасын жақсарту ісін жалғастыра береміз.

Жолдаудан туындайтын оң өзгерістердің игілігін әрбір тұрғын сезінуі қажет.

Президентіміз: «Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ аса жауапты азаматтық әрі ұлттық міндет», – деп баса айтты. Осы үндеуден айқын көрініп тұрғандай, болашаққа бастар жол да, мақсат та, міндет те айқын.

Ендігісі – бірлігімізді бекемдеп, еңбегімізді еселей білу.

  • 10.09.2025
  • 28
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика