- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі жиын өтті
Бүгін ел Президентінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде жиын өтті. Жиынға облыстық басқармалардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сол сияқты онлайн режимде аудан-қала әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты.
Мемлекет басшысы жүктеген жеті нақты міндетке баса назар аудару қажет. Атап айтқанда, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін, көлік-логистика саласын дамыту, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлердің цифрлық дамудың қозғаушы күші ретіндегі рөлін нығайту, адам капиталын дамыту арқылы экономиканы жан-жақты жаңғырту.
Мәселен, өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырудың арқасында облыс құрылғаннан бері 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылған. Биылғы жылы жалпы сомасы 37 млрд. теңгені құрайтын 14 ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл 830-дан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте айтарлықтай инвестициялық және логистикалық әлеуетке ие, белсенді жұмыс істеп тұрған екі арнайы экономикалық аймақты дамытуға аударылып отыр. Осы орайда инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізудің тиімді моделін енгізіп, жоспарланған инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асырылуын қатаң бақылау қажет.
Сонымен қатар облыс өңдеу өнеркәсібін дамытуда жоғары әлеуетке ие. Осыған орай жоғары технологиялық өндірістерді дамыту стратегиялық бағыт ретінде белгіленіп отыр. Бұл ретте өңірде Көксай мыс өңдеу зауытын салу жобасының маңызы зор болмақ.
Ал ауыл шаруашылығында жыл басынан 54,3 млрд. теңгеге тамақ өнімдері өндіріліп, нақты индекс көлемі 112,3% құраған.
Алдымызда Мемлекет басшысы тапсырған ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру міндеті тұр. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын қайта өңдеу үлесі 68%-ға жетті. Мұнымен шектеліп қалмай, өңдеу ісін одан әрі арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, нақты шаралар қабылдауымыз керек. Ол үшін тиісті сала басшыларына үздік агротәжірибені енгізе отырып, агрохабтар мен логистика орталықтарын құруды, мал шаруашылығын қолдау арқылы ішкі нарықты етпен, сүтпен және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп, экспортты арттыру.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1065437?lang=kk
- 10.09.2025
- 26