- Блогтар
 - Қосанов Д.Ж.
 
Қосанов Д.Ж.
ҚР Қорғаныс министрі
Құрметті Алуа Сәкенқызы!
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы, жеке құрамы және өз атымнан Сізді бокстан әлем чемпионатындағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздің шеберлігіңіз, жеңіске деген жігеріңіз бен Отанымызды абыроймен танытуға деген талпынысыңыз осы зор жетістіктің кепілі болды. Сіз жоғары спорттық дайындық деңгейін, мақсаткерлігіңізді және нағыз чемпионға тән қайсар мінезді көрсетіп, Қазақстанның атын әлемдік аренада асқақтаттыңыз.
Бұл жеңіс – Сіздің табанды еңбегіңіздің, жаттықтырушылар мен команда қолдауының нәтижесі әрі жастар мен әскери қызметшілерге жігер беретін үлгі. Ол табандылық пен тәртіптің асқар шыңдарға жеткізетінін айқын дәлелдейді.
Сізге мықты денсаулық, спорттық жолда жаңа жетістіктер, еліміздің және Армия орталық спорт клубының даңқын арттыратын жеңістер тілеймін!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі 
авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов
- 15.09.2025
 - 49
 
                
                                

