• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев жазушы, драматург Елен Әлімжанды 80 жас мерейтойымен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жазушы, драматург, публицист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Елен Әлімжанның 80 жас мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Тағылымға толы кештің тізгінін белгілі ақын, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Ерлан Жүніс ұстады.

Облыс әкімі құттықтау сөзінде қаламы қарымды қаламгердің әдебиет пен мәдениетке қосқан өлшеусіз еңбегін айрықша атап өтті. Сондай-ақ жазушының жас қаламгерлерге дем беріп, қазақ руханиятын байытқан туындылары халық жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

– Қаламыңыздың қуатымен ел бірлігін, халықтың салт-дәстүрі мен асыл мұраттарын ардақтап, ұлт руханиятын өркендетуге елеулі еңбек сіңірдіңіз. Сіз – қазақ драматургиясы мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалыптастырған, ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал еткен көрнекті қаламгерсіз. Туындыларыңыз оқырманның ой-санасын тәрбиелеп, жүрегіне нұр септі. Шығармаларыңыз – ел тарихы мен замана болмысын айшықтаған шежіре, халқымыздың ойы мен арманын бейнелеген қымбат қазына. Бұл мұра келер ұрпақ үшін әрдайым өнеге болып қала береді. Сізге зор денсаулық, сарқылмас шабыт пен ұзақ ғұмыр тілеймін! – деді өңір басшысы.

Ербол Қарашөкеев мерейтой иесінің иығына шапан жауып, жамбылдықтардың атынан құрмет көрсетті. 

Бұдан кейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновтің мерекелік құттықтау хаты көпшілікке оқылды.

Құттықтау лебіздерін әрі қарай Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев пен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әсима Нүсіпова жалғастырып, жүрекжарды тілектерін арнады.

Әдебиет пен өнер тоғысқан кеште Елен Әлімжанның сөзіне жазылған «Тағзым ұлы Абайға», «Сері аға» және «Аққұмда туған баламын» атты әуезді шығармалар орындалып, тыңдарман жүрегін тербеді.

Кеш соңында драматургтың жаңа еңбектерінің тұсаукесері өтті. Көпшілікке «Жанұраным» пьесалар жинағы мен «Тарғыл сиыр» әңгімелер топтамасы таныстырылып, оқырман зор ықыласпен қабылдады.

Жазушының замандастары мен әріптестері әдебиет айдынына қосылған сүбелі дүниелердің қадамына сәттілік тілеп, ақжарма лебіздерін білдірді.

  • 06.10.2025
  • 20
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика