- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулымен кездестім
Бүгін Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулы Ха Тэ Ук мырзамен кездестім.
Халықтарымыз арасындағы достықтың тамыры тереңде. Бүгінде облыста он мыңға жуық кәріс ұлтының өкілі тұрады, олардың әрқайсысы облыстың дамуына өз үлесін қосып келеді. Бізде кәріс мәдени орталықтары, шығармашылық ұжымдар белсенді жұмыс істейді, кәріс тілі кабинеттері ашылған. Жалпы, Жетісу - қазақ және кәріс халықтарының достығының символына айналған өлке деуге болады.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, соның ішінде смарт-фермалар саласында, сондай-ақ туризм, баламалы энергетика және цифрлық технологиялар бағыттарында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
- 10.10.2025
- 13