- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Аида Балаева ҮЕҰ өкілдерімен өзара байланысты нығайту бағыттарын талқылады
ХІІ Азаматтық форум қарсаңында Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесуі өтті.
Жиын барысында Аида Балаева соңғы уақытта ҮЕҰ мен салалық министрліктердің басшылары арасында онға жуық кездесу өткенін атап өтті. Бұл байланыс азаматтық қоғамды толғандыратын бірқатар өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Министрдің пікірінше, бүгінгі жиын азаматтық сектормен әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.
«Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы серіктестікті арттырудың маңызын атап өтіп, ҮЕҰ туралы заңнаманы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың критерийлерін жетілдіруді тапсырды. Осы мақсатта министрлік құрамына өңірлік сарапшылар мен азаматтық сектор өкілдерінен тұратын жұмыс топтарын құрды», – деді Аида Балаева.
- 10.10.2025
- 12