- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Аида Балаева Google өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Израиль, Түркия, Орталық Азия мен Кавказдағы мемлекеттік саясат мәселелері және мемлекеттік органдармен өзара байланыс бойынша Google компаниясының өңірлік директоры Ноа Лоффлермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар өзара байланыстың басым бағыттарын талқылады. Аида Балаева министрлік адами құндылықтарды насихаттап, халықтың цифрлық және құқықтық сауатын арттыратын, сондай-ақ балалардың онлайн ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға ерекше назар аударатынын атап өтті. Отырыста Google компаниясының Қазақстандағы ресми өкілін бекіту мәселесі де жеке қаралды.
«Google-мен ынтымақтастық Қазақстандағы цифрлық мәдениет пен қауіпсіздіктің дамуына ғана емес, сондай-ақ технология саласындағы халықаралық диалогты нығайтуға да ықпал етеді деп санаймыз. Қазақстан ашық әрі жүйелі өзара байланысқа дайын», – деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
- 10.10.2025
- 15


