- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Киноөндіріс, мультипликация, мамандар даярлау – Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстың жаңа басымдықтары
2025 жылы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Француз Республикасының Мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Кездесу қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары аясында өтті.
Тараптар екіжақты мәдени ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Министрлер Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, мемлекет басшыларының екі елге сапары ынтымақтастықты жандандыруға серпін бергенін ерекше атап көрсетті.
Аида Балаева музей ісі, археология және тарихи-мәдени мұраны сақтау сияқты бағыттарда тәжірибе алмасуды дамытудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді, қазақстандық мамандарды Францияның жетекші мәдени мекемелерінде тағылымдамадан өткізуді, сонымен қатар бірлесіп киноөндіру, мультипликация және балалар контентін дамытуды ұсынды.
- 10.10.2025
- 16


