- Блогтар
- Кульбаев Б.Б.
Кульбаев Б.Б.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры
Еурокодтар құрылыс құнына айтарлықтай әсер етпейді
Құрылыстағы Еуропалық нормаларды (Еурокодтарды) пайдалана отырып жобалау конструкцияның сенімділігін едәуір арттырады және бұл ретте құрылыс құнының артуына қандай да бір елеулі әсер етпейді.
Соңғы уақытта тіркелген құрылыс материалдары бағасының өсуі инфляциялық процестерге байланысты.
Еурокодтар Қазақстанда 2015 жылдан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес қатар қолданыла бастады.
Бірнеше жылдар бойы Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ), ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы нарықтың басқа да бейінді қатысушыларымен бірлесіп Еурокодтарды пайдалану бойынша бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Зерттеулердің нәтижесінде Еурокодтарды енгізудің бастапқы кезеңінде таңдалған конструктивті-технологиялық шешімнің дұрыстығына тікелей байланысты жобаның аздап қымбаттауы мүмкін екені анықталды.
Атап айтқанда, сейсмикалық аймақтарда тұрғызылатын объектілер үшін ҚНжЕ (отандық) және ҚР ЕЖ EN 1990-1998 (Еурокодтар) нормалары, құрылыс конструкцияларының құны бойынша, пилоттық жобалар мен нақты салынып жатқан объектілер бойынша тірек конструкцияларының салыстырмалы есептері орындалды.
Осылайша, 2018 жылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және «КАТ Construction» ЖШС (тапсырыс беруші «Базис-А» корпорациясы) ҚР ЕЖ (отандық) және Еурокодтарға нормативтік-техникалық құралдар (НТҚ) нормалары бойынша Алматы қаласынжа 15 қабатты тұрғын үйдің («Легенда» ТК) тірек конструкцияларының салыстырмалы есебін орындады.
Салыстырмалы талдаудың нәтижелері ҚР ЕЖ EN жаңа нормативтік базасы бойынша ғимараттарды жобалау кезінде, ғимараттың тірек қабырғаларында 15% арматуралық болат үнемделетінін көрсетті.
Қазіргі уақытта жоба салынып, пайдалануға берілді.
2020 жылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және «DNT.KZ» ЖШС (тапсырыс беруші «BI-Group») ҚР ЕЖ (отандық) және Еурокодтарға НТҚ нормалары бойынша Алматы қаласындағы 16 қабатты тұрғын үйдің («GULDER» ТК) тірек конструкцияларының салыстырмалы есебін орындады.
Салыстырмалы талдаудың нәтижелері жаңа нормативтік база бойынша ғимараттарды арматуралық болат бойынша жобалау кезінде ғимараттың тірек қабырғаларында үнемдеу 15-20%-ды, ал бетон бойынша 1,5-2,0%-ды құрағанын анықтады.
Зерттеулер көрсеткендей, Еурокодтарды қолдану арқылы есептеулер қабырғалық конструктивтік жүйелерді салу кезінде айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бегман Кульбаев, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры түсіндіріп өткендей, Еурокодтарды қолдану импорттық құрылыс материалдарын міндетті түрде қолдануға әкелмейді.
«Құрылыс салушылар құрылыс сапасының қажетті деңгейін міндетті түрде сақтай отырып және қазақстандық қамту бөлігінде қолданыстағы нормаларды толық сақтай отырып, кез келген өндірушінің құрылыс материалын пайдалануға құқылы. Ескі нормалар мен Еурокодтардың арасындағы айырмашылық тек құрылыс материалдарын зертханалық зерттеу ерекшеліктерінде болып табылады.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Еурокодтарды пайдалану мәселелерінде, сондай-ақ жобалардағы құндық көрсеткіштерге талдау жүргізуде кез келген диалогқа дайын», - деді Кульбаев.
Сонымен қатар, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ тұрақты негізде мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен құрылыста пайдаланылатын РСНБ базасын қалыптастыру үшін құрылыс материалдары бағаларының мониторингін жүргізіп отырады.
«Мониторинг деректерін негізге ала отырып, инфляциялық дәліз шеңберінде: құрылыс-монтаждау жұмыстары бөлігінде монолитті үй құрылысының 8-9%-ға, кірпіш үй құрылысының 2-5%-ға қымбаттауы байқалуы мүмкін, есептеу кезінде ішкі инженерлік коммуникациялар да ескерілген. Бұл ретте Қазақстанның тұрғын үй құрылысында кірпіш үй құрылысы басым болып табылады - ол салынған объектілердің жалпы санының 55-60%-ын, ал жекелеген өңірлерде (Ақтөбе, Ақмола облыстары және т.б.) 90%-ына дейін құрайды. Құрылыстың қымбаттауына құрылыс материалдарының бағасы ғана емес, жер учаскесінің құны да әсер ететінін атап өту қажет», - деп түсіндірді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ басшысы.
Бегман Кульбаев Республика өңірлері бойынша құрылыс материалдары бағасының өсуі біркелкі болмағанын атап өтті: негізінен Нұр-сұлтан қаласында бағаның өсуі байқалды.
Материалдар бағасының өсуінің негізгі себебі металпрокат пен құрамында металл бар материалдардың (темірбетон, болат конструкциялар) қымбаттауы болды. Металпрокат негізінен шетелден жеткізіледі және толығымен әлемдік нарықтағы баға конъюнктурасына байланысты.
Осындай жағдай табақ шынының бағасымен де орын алды, ол іс жүзінде шектес мемлекеттерден 100%-ға импортталады.
Цемент бағасының өсуіне қатысты, 14 айда бағаның өсуі орташа 4%-ды құрады, бұл инфляцияның болжамды дәлізіне сәйкес келеді.
Қалған материалдар бойынша болжанатын инфляция шегінде бағаның айтарлықтай өсуі байқалмайды.
- 15.03.2021
- 253