- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарының барысын тексердім
Орал қаласы, Круглоозерное ауылы маңында жүзеге асырылып жатқан «Урало-Көшім суару-суландыру жүйесінің су қоймасыз су тарту аймағында Жайық өзенінде жағалауды бекіту құрылысы» жобасының барысымен таныстым.
Көшім бассейнінің су теңгерімінің бұзылуын болдырмау және өзен жағалауын шайылудан сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс аясында бірінші жағалаудың ұзындығы 898 метр, екінші жағалаудың ұзындығы 1 030 метр қамтылатын болады.
Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер компания өкілдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеп, Жайық өзенінің аймақ үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, құрылыстың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін жеткіздім.
- 13.10.2025
- 8