- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Оралда 400 орындық заманауи мектеп-лицейі қолданысқа берілді
Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды.
Мектеп ғимараты 2018 жылы апатты деп танылған мектептің орнына тұрғызылды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру жағдайын жақсарту және сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.
400 орынға арналған жаңа оқу ордасында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Заманауи оқу сыныптары, кітапхана, зертханалар, спорт және акт залдары толық жабдықталды.
Жалпы соңғы үш жылда облыста 7526 орынға арналған 26 жаңа мектеп бой көтерді.
Ағымдағы жылы өңірде тағы 11 мектептің құрылысы жоспарланды.
- 13.10.2025
- 31


