- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БҚО-ның Қытайдағы инвестициялық және сауда өкілдігі ашылды
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек» деп инвестиция тарту бойынша жүктеген міндеттерге сәйкес, Қытайда Батыс Қазақстан облысының “Ақжайық” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының Орталық Азия-Қытай орталығының ғимаратында инвестиция және сауда өкілдігі ашылды. Енді Батыс Қазақстан облысы көрші елдің кәсіпкерлерімен еш кедергісіз тікелей байланыс орната алады. Осы арқылы аймақаралық іскерлік қарым-қатынастысты нығайту көзделген.
Өкілдік Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігінің қолдауымен Цзянсу провинциясы, Нанкин қаласында Орталық Азия- Қытай сауда орталығында ашылды. Тың бастама еліміз бойынша алғаш рет қолға алынып отыр. Орталықтың жұмысы қытайдың бизнес ортасымен байланысты күшейтіп, инвестор тартуға, бағытталған.
- 13.10.2025
- 37


