- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Қытайда БҚО жобасына арналған жабдықтардың лентасы қиылды
Инвестиция тарту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында 2025 жылдың 6–11 қазан аралығында Қытай Халық Республикасына жұмыс сапар ұйымдастырылды. Іссапардың алғашқы күнінде делегация Қытайдың жаңа энергетикалық технологиялар нарығында жетекші орынға ие Shandong Qichen New Energy Power Technology Co., Ltd. компаниясының басшылығымен кездестік.
2013 жылы құрылған бұл кәсіпорын газ және дизель генераторлары жиынтықтарын өндірумен айналысады және Қытайда жоғары технологиялық әрі инновациялық шағын және орта бизнес өкілдерінің үздіктерінің қатарында саналады.
Кездесу барысында тараптар бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылап, Батыс Қазақстан облысы аумағында салынатын газтурбиналық электр станциясына арналған жабдықтардың салтанатты лентасын қию рәсімі өтті.
Сондай-ақ делегация iKang Guobin Checkup Center емханасына барып, Қытайдың денсаулық сақтау жүйесіндегі заманауи әдістермен және медициналық қызмет көрсетудің инновациялық үлгілерімен таныстық. Бұл кездесу аймақ үшін медицина мен туризм салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашты.
- 13.10.2025
- 39


