• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қордай ауданындағы «Шоқпар-Гагаринское» ЖШС тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастау рәсіміне қатысты.

Бұл жоба – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу саласына инвестиция тарту және ірі, орта, шағын инвесторлармен өзара тығыз байланыс орнату жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға негізделген.

— Бүгін бастау алып отырған жоба – ел дамуы мен өңір өркендеуінің айқын көрінісі. Әрбір жаңа кәсіпорын – тұрғындар үшін жаңа мүмкіндік, жаңа үміт, табыс көзі. Бұл – Қордай өңіріндегі әр отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты іс.

Осындай жобалар – мемлекеттік қолдаудың нәтижелілігін, инвесторлармен орнаған сенімді әріптестіктің жемісін көрсетеді.

Бүгінде облыс экономикасы тұрақты өсіммен ерекшеленуде. Жаңа өндірістер ашылып, инфрақұрылым жаңарып, халықтың өмір сапасы артып келеді. Бұл – мемлекет, қоғам және еңбек адамдарының ортақ жетістігі, — деді Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде.

Аталған бастаманы отандық инвестор жүзеге асыруда. Кәсіпорында жылына 500 мың тонна кен өндіру жоспарланып отыр. Жалпы инвестиция көлемі – 47 млрд теңге.

Биыл 10 млрд теңге көлеміндегі қаржы есебінен қызметкерлерге арналған жатақхана мен зауыттың құрылысы басталады деп күтілуде. Қазіргі таңда геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрылысқа 100-ден астам адам тартылады. Комбинат толық іске қосылғаннан кейін 400-ден 500-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында жергілікті әкімдік тарапынан 1 101 гектар жер телімі бөлініп, уақытша 44 шақырым электр желісі тартылды.

«Шоқпар-Гагаринское» ЖШС директоры Семён Хан өндіріс ошағында кез келген полиметалл кенін өңдеуге қабілетті бірегей технология қолданылатынын атап өтті.

Айта кетейік, Жамбыл облысының инвестициялық қоржынында 2028 жылға дейін іске асырылатын, құны 3,5 трлн теңгені құрайтын 62 жоба бар. Бұл жобалар 6,3 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді.

Биыл жалпы құны 161 млрд теңге болатын 26 жобаны іске асырып, 1,1 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда.

ТОП-10-ға кіретін жобалардың қатарында «MASDAR» және «TOTAL EREN» (жел электр станциялары), «Fujian Hengwang Investment» (металлургиялық зауыт), «ЕУРОХИМ-ҚАРАТАУ» (минералды тыңайтқыштар), «Qazaq Soda» (кальцилендірілген сода), «Fufeng Group» (жүгеріні терең өңдеу), «MARIAM GOLD» (алтын өндірісі), «ALTYNALMAS REAGENTS» (натрий цианиді өндірісі), «Шоқпар-Гагаринское» (алтын өндірісі), «Shagala Mining» (мыс өндірісі) бар.

  • 20.10.2025
  • 21
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика