- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БҚО-да «Еңбек. Адам. Құрмет» атты фестиваль өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай Батыс Қазақстан облысында «Еңбек. Адам. Құрмет» атты фестиваль өтті.
Бұл айтулы шараның басты мақсаты – ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету және жас ұрпаққа үлгі ету.
Фестивальге әр салада тер төгіп жүрген еңбек адамдары қатысты.
Іс-шара барысында еңбек адамдарының өмір жолы, кәсіби жетістіктері мен еңбекке деген адал көзқарастары насихатталды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, “Жұмысшы мамандықтары” жылының мән-маңызына ерекше тоқталды.
- 20.10.2025
- 12


