• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Көксу қант зауытында қамыс қантын өндіретін қосымша желі іске қосылды

Көксу қант зауыты өткен аптада қамыс қантын өндіретін қуаты тәулігіне 300 тонналық қосымша желісін іске қосты. Қант қызылшасын өңдеумен айналысатын зауыттағы бұл жаңа желі кәсіпорынның маусымдық кезеңде ғана емес, жыл бойы үздіксіз жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге Бразилиядан 7,5 мың тонна шикізат жеткізіліп, өңдеу ісі басталды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатовтың айтуынша, қанттың бұл түрін өндіруге  кәсіпорында бұрыннан бар қондырғылармен қатар Украина, Австрия, Ресей, Германиядан жеткізілген жаңа қондырғылар, жапониялық автоматты құрылғылар да қолданылады. Қосымша қондырғыларды жеткізу, монтаждау, тағы да басқа жұмыстарға 600 мыңнан астам АҚШ доллары көлемінде қаражат салынған. Жаңа желіні іске қосуға екі жылдай уақыт кеткен.

Бүгінде зауыт 80 пайыз автоматтандырылған. Шетелдік құрал-жабдықтарды игеру де оңай емес. Жақында Украина, Ресей елдерінен арнайы мамандар шақыртылып, жергілікті кадрлар үшін арнайы оқыту курстары ұйымдастырылуда.

Мамандардың сөзіне қарағанда, қамыс қантын шығарудың бір артықшылығы, оны өңдеуге кететін шығын салыстырмалы түрде аз. Және оның тәттілігі мен татымдылығы қызылша қантымен бірдей. «Әдетте қант қызылшасынан қант өндіргенде 12 пайыз мөлшерінде таза қант алынса, ал қамыс қанты шикізатын қайта өңдегендегі өнімділігі 97-98 пайыз мөлшерінде болады», ­ –  дейді зауыт басшысы.

Негізгі шикізат Бразилия мен Мексикадан әкелінеді. Зауыт бір маусымда 25-30 мың тоннадай қамыс өңдеуді жоспарлап отыр. Межеленген бұл көлемдегі шикізатты өңдеу тамыз айына дейін аяқталып, зауыт күзден бастап қант қызылшасын қабылдауға қайта кіріседі. Осылайша өнеркәсіп нысанының жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтіні мұндағы 500-дей жұмысшыға да қуаныш сыйлады.

– Бұрынғы жылдары зауыт қант қызылшасын 4-5 ай ғана өңдеп, қалған уақытта бізге басқа жұмыс іздеуге тура келетін. Міне, жаңа өндіріс іске қосылғалы жұмысымызды үздіксіз жалғастырып жатырмыз. Биылғы жылы мерекелік сыйақы да алып үлгердік, – дейді зауыттың зертхана қызметкері Жазира Дүстекова.

Қамыстан өндірілген өнім еліміздің қантқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында отандық нарыққа шығарылып, бағаны ырықтандыруға септігін тигізбек.

Еске салсақ, Көксу қант зауыты өткен жылы 260 мың тонна қант қызылшасын өңдеген. Зауыт мазуттан табиғи газға көшіріліп, бұл өнеркәсіп нысанының шығынын азайтуға, экологиялық жағынан тиімділігі мен өнімділігін арттыруға ықпал етті. Кәсіпорын алдағы уақытта қызылша жомын өңдеп, түйіршіктелген мал азығын шығаратын желі орнатуды жоспарлап отыр.

Атап өтерлігі, биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасының алқабын 16,3 мың гектарға, ал қант шығару көлемін 55 мың тоннаға жеткізу көзделген.

 

 

 

  • 16.03.2021
  • 404
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика