- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді
«Жетісу» стадионында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері мен Жетісу өңірінің әуесқой командасы арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Бұл ойын «Бұқаралық спорт – болашақ жеңістердің бастауы» аясында өтті.
Ойынның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, қадірлі қонақтарымызға ризашылығымды білдірдім. Бұл тек ардагерлердің жолдастық кездесуі емес, бұл — әртүрлі буын өкілдерінің бірлігі. Спорт — бәрімізге ортақ тіл, ал мұндай кездесулер жастарға шабыт береді, салауатты өмір салтын ұстануға үндейді.
Көрнекті спорт шеберлері Михаил Гурман, Құралбек Ордабаев, Евгений Яровенко, Асқар Қожабергенов сынды футбол ардагерлері алаңға шығып, жанкүйерлерді қуантты. Жетісу командасының сапында облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, Самат Смақов, Марк Гурман сынды азаматтар ойнады.
Тартысты өткен матч 2:2 есебімен тең аяқталып, қос командаға да медальдар табысталды. Қазақстан құрамасы Кубокпен марапатталды.
Осындай мазмұнды әрі шабыт беретін шаралар — жастарға үлгі, болашақ чемпиондардың бастамасы.
- 20.10.2025
- 5