- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Корея: медицина саласындағы жаңа серіктестік
Квандонг университеті жанындағы Халықаралық клиника (Республика Корея, «Святой Марии») өкілдерімен ресми кездесу өтті. Делегацияны клиниканың президенті әрі бас директоры Ко Дон Хён мырза бастап келді.
Кездесу аясында денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, келесі бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге келіссөздер жүргізілді:
* медициналық тәжірибе және ақпарат алмасу;
* халықаралық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру;
* заманауи емдеу әдістері мен технологияларын енгізу;
* қазақстандық медицина қызметкерлерін Оңтүстік Кореяда оқыту және біліктілігін арттыру (стажировкалар, семинарлар, мастер-класстар);
* күрделі аурулар бойынша кәсіби консультациялар өткізу.
Бұл бастамалар тұрғындардың денсаулығын жақсартуға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
- 21.10.2025
- 38


