• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация Франция Республикасына жұмыс сапарымен барды. Қазақстан Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған шара барысында делегация облыстың инвестициялық әлеуетін таныстырып, өнеркәсіп, су шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларында француз компанияларымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Делегация Орлеанда өткен Француз минералдық өнеркәсібі қауымдастығының (SIM 2025) 74-ші конгресіне қатысты. Форум барысында A3M (Франция тау-кен, металлургия және болат кәсіпқойлары федерациясы), Ұлттық геологиялық қызмет (BRGM) және Mines Paris – PSL инженерлік мектебінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, кездесулер жүргізілді.

Тараптар пайдалы қазбаларды тұрақты өндіру және өңдеу, геологиялық деректерді цифрландыру, төмен көміртекті технологияларды енгізу, ғылыми-техникалық тәжірибе алмасу мәселелеріне басымдық берді.

Сондай-ақ Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде өнеркәсіптік пайдалы қазбалар бойынша әлемдік көшбасшы халықаралық Imerys тобының басшылығымен кездесу өтті.

Бұдан бөлек, Париж қаласында жамбылдық делегация бірқатар жергілікті компаниямен кездесті.

HydroPlus компаниясының басшылығымен Жамбыл облысындағы гидротехникалық инфрақұрылымды дамыту жобалары – су қоймалары мен бөгеттерді қайта жаңғырту, су тасқынынан қорғану жүйелерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Компания Fusgate технологиясын (жабқыштар өндірісі) жергілікті деңгейде енгізуге қызығушылық танытты.

Freyssinet компаниясымен стадионды жаңғырту, ал Aden Group өкілдерімен өнеркәсіптік аймақтар үшін қажетті инфрақұрылым құру мәселелері қаралды.

Франциялық инвестор — Alstom компаниясының басшылығы өңірдегі жұмыстарды жалғастыруға ниетті. Олар Шу қаласындағы қолданыстағы колледждер базасында теміржол саласы мамандарын даярлауға арналған оқу алаңын құру бастамасына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Әлемдік құрылыс материалдары өндірісінің көшбасшысы Saint-Gobain компаниясына құрылыс саласында техникалық кадрларды даярлау орталығын ұйымдастыру ұсынылды.

Делегация Овернь–Рона–Альпі өңіріне барып, Монтальё-Версьё қаласындағы Vicat тобының өндірістік алаңымен танысты. Кәсіпорын өкілдері шикізатты қайта өңдеу мен айналмалы экономика технологияларын көрсетті.

Vicat компаниясы жылына 1,5 миллион тонна цемент өндіруге қауқарлы, өңірдегі құрылыс материалдарын өндіруде жетекші кәсіпорын – «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» жобасын жүзеге асырғаны белгілі. Бұл жобаға салынған инвестиция көлемі 350 миллион АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар өңірлік өнеркәсіп палатасы, Medef кәсіпкерлер қауымдастығы, Poma және Berthoud компанияларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Өз сөзінде Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының минералды-шикізат қоры мол, географиялық тұрғыдан қолайлы әрі инфрақұрылымы дамыған өңір екеніне назар аудартты. Сонымен бірге аймақтың инвесторларға әрдайым ашық екенін айтып, шетелдік серіктестерге индустриялық алаңдар, әкімшілік қолдау мен білікті кадрлар ұсынуға дайын екенін жеткізді.

– Жамбыл облысы мен Францияны тұрақты серіктестік байланыстырады, оған Vicat, TotalEnergies, Alstom және Saint-Gobain компанияларының ауқымды жобаларын сәтті жүзеге асыруы дәлел бола алады. Бұл жобалар бойынша жалпы инвестиция көлемі 2 миллиард АҚШ долларынан асып отыр, – деді Ербол Қарашөкеев.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар өндірістік, инвестициялық, ғылыми-техникалық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік танытты.

  • 21.10.2025
  • 18
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика