- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды
Бүгін Республика күні қарсаңында өңіріміз үшін тарихи оқиға болды — «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры жоспарланған мерзімінен бір жыл төрт ай бұрын аяқталды. «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еңбегімен 302 км газ құбыры тартылып, 6 автоматты газ тарату станциясы іске қосылды.
Нәтижесінде Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 80-нен астам елді мекенінде 130 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын арттырып, экология мен экономиканың дамуына серпін беретін маңызды қадам.
Газ алдымен әлеуметтік нысандарға — мектеп, балабақша, аурухана, мәдениет үйлеріне, кейін тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарына беріледі.
Жетісу халқы үшін бұл — көптен күткен қуаныш!
Біз өңірді газдандыру жұмысын жүйелі түрде жалғастырамыз.
- 23.10.2025
- 21


